Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тағы бір отандасымыз қола медаль үшін белдеседі

Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰОК мәліметінше, ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.