22.08.2025, 15:29
Жаңалықтар
Көкшетау қаласының тұрғындарына көгілдір отын қымбат бағада сатылған
Көкшетау қаласының прокурорлары газ тарифін төмендетуге қол жеткізді
Фото: istockphoto.com
Көкшетау қаласының тұрғындары үшін көгілдір отын қымбат бағада сатылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетау қаласының прокуратурасы газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша талдау жүргізді. Осылайша, қадағалау ведомствосы қала кәсіпорындарының бірі газды жоғары бағамен жеткізетінін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс орталығының жекелеген бөліктерінде газ тарифі 192,14 теңгеге/м3 (691,28 теңгеден 499,14 теңгеге дейін)төмендетілді, осылайша 1,8 мыңнан астам абоненттің құқығы қорғалды.
Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды