Қызыл жалын 5-қабатты тұрғын үйдің 4-кабатынан шықты
Алматы қаласының Жарокова көшесінде көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызыл жалын 5-қабатты тұрғын үйдің 4-кабатынан шыққан. Балкон өртеніп, жалын пәтерге тараған.
Өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден 11 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
«Өрт 30 минуттың ішінде 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖМ хабарламасында.