Apple қыркүйекте шығатын iPhone-ның жаңа модельдерін Үндістанда өндіретін болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Қытай өндірістен тыс қалатын болды

Фото: istockphoto.com

Apple корпорациясы жаңа iPhone 17 сериясын толықтай Үндістанда өндірмек. Компания тарихында алғаш рет барлық модель Қытайдан тыс аймақта шығарылғалы тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, америкалық IT-алып Apple жаңа iPhone сериясының барлық төрт моделін Үндістанда өндіреді. Бұған дейін компанияның негізгі өндірісі Қытайда шоғырланған болатын.

Күтіліп отырғандай, қыркүйек айында Apple мынадай жаңа смартфондарын таныстырады:

  • iPhone 17
  • iPhone 17 Air
  • iPhone 17 Pro
  • iPhone 17 Pro Max

Bloomberg сарапшыларының мәліметінше, өндірісті Үндістанға көшіруге АҚШ-қа Қытайдан әкелінетін өнімдерге салынған жоғары кедендік баждар әсер еткен.

  • 2021 жылы барлық iPhone құрылғыларының 99%-ы Қытайда өндірілген.
  • 2024 жылдың соңында бұл көрсеткіш 81%-ға дейін төмендеді.
  • 2027 жылға қарай Apple смартфондарының тек 50%-ы Қытайда құрастырылмақ.

Сонымен қатар, 2025 жылдың шілдесінде Үндістан АҚШ-қа Apple смартфондарын экспорттау көлемі бойынша Қытайды басып озды.