Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Көкшетау – Атбасар тасжолында 21 тамыз күні күндіз болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 13:35 шамасында, Максимовка ауылы маңындағы тасжолдың 115-шақырымында болған.

Аталмыш тасжолда «Москвич-412» және Hyundai Mafiас автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Москвичтің» жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушысы, сондай-ақ Hyundai жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.