Соққыға жығылған адамның көп қан жоғалтқаны белгілі болды
Ақтөбеде көлік ішінде қаннен-қаперсіз отырған ер адамды белгісіз біреу дубинкамен ұрып, қансыратып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға түнгі уақытта Есет батыр көшесі, 13 мекенжайындағы тұрғын үйдің ауласында болған. Белгісіз ер адам қолында дубинкамен көлікте отырған азаматты соққыға жығып кеткен.
Желідегі мәліметке жүгінсек, шабуыл салдарынан соққы алған адам көп қан жоғалтқан. Оның қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.
Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі облыстық Полиция департаментіне жүгініп, мынандай жауап алды:
«Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, ұсталды.
Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі уақытта жәбірленуші медициналық мекемеде жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.