Астанада «Хан Шатыр» маңында самокат мінген жігітті көлік басып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға түнгі уақытта болды

Фото: Видеодан скрин

Астанада оқыс жағдай болды. «Хан Шатыр» маңында самокат мінген жігітті көлік астына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоға назар аударсақ, Hyundai Palisade бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан самокаттағы ер адамды байқамаған.

Қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесімен қозғалып келе жатып, Е308 көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде, жолды белгіленген жерден оңнан солға қарай қиып өтпек болған электрсамокат жүргізушісін қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде», – делінген агенттік тілшісіне берген пікірінде.