Тағы 20 мыңға жуық әскери қызметшінің мерзімі ұзартылады
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Газа секторын басып алу үшін резервтегі шамамен 60 мың әскери қызметкерін жұмылдыруға келісім берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Bild басылымының дерегіне сүйенсек, бұдан бөлек, тағы 20 мыңға жуық әскери қызметшінің мерзімі ұзартылатыны ведомствода хабарланды. Израильдік БАҚ дерегінше, секторда жұмылдырылған резервистердің жалпы саны шамамен 130 мыңға жетпек.
Ол аймаққа тікелей шабуылға ең алдымен қолданыстағы әскери бөлімдер қатысатынын айтты. Израиль бөлімшелері қазірдің өзінде Газаның шет аймақтарында – әсіресе Әл-Сайтун және Жабалия аудандарында орналасқан.
Сонымен қатар, Израиль билігі Иордан өзенінің Батыс жағалауына қоныстану жөніндегі даулы жобаны да мақұлдады. Жоспар аумақты солтүстік және оңтүстік бөлікке бөлуге негізделген, ал бұл бірыңғай Палестина мемлекетін құруды іс жүзінде қиындатады.