Шекара қызметі жүк көліктерінің жүргізушілеріне үндеу жасады
Шекара қызметі БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктерінің жиналып қалуына байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сырым» шекара бекеті реконструкцияға байланысты жабылғаннан кейін «ҚазАвтоЖол» шекарадан өту үшін баламалы өткізу пунктерін ұсынды: «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ), «Аксай» (ҚР) / «Илек» (РФ), «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ).
Қазіргі таңда «Озинки» автокөлік өткізу пунктінде жүк көліктерінің айтарлықтай жиналып қалуы байқалады. Бұл жағдайға қатысты БҚО бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі түсініктеме берді.
«Сырым» автокөлік өткізу пунктіне жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты көлік ағыны Ресей Федерациясының Саратов облысы бағытындағы «Озинки» пунктіне бағытталды. Шекара басқармасы мемлекеттік шекарада қалыптасқан жағдайды бақылау үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Дегенмен «Озинки» автокөлік өткізу пунктінде Ресейге кіруге келген жүк көліктерінің айтарлықтай көп екені байқалады. Олардың жүк бөліктерінде технологиялық өткелдер жабдықталмаған, бұл мемлекеттік шекарадан өту уақытын ұзартып отыр», – деп түсіндірді шекара қызметі.
Шекара қызметі жүргізушілерден жүк көліктерінде технологиялық өткелдерді алдын ала жабдықтауды сұрады.