Жас жігіт анасын өлтіріп, полиция келгенде мәйіттің бір бөлігін қазанға қайнатып отырған

Автор: Аягөз Құрмаш

Жігіт қамалып, тергеліп жатыр

Фото: istockphoto.com

Бішкекте 22 жастағы жігіт анасын өлтіріп, денесін бөлшектеді деген күдікпен ұсталды. Қылмысқа қатысты психиатриялық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала деректер бойынша, оқиға Боконбаев көшесі мен Манас даңғылының қиылысындағы үйде болған.

Сол үйдің жанындағы көршілер Первомай аудандық полициясына хабарласып, пәтерден жағымсыз иіс шығып жатқанын айтқан. Учаскелік инспектор келген кезде үйдің ішінде әйел адамның бөлшектелген денесін тапқан. 

Күдікті – 2003 жылы туған азамат, ол оқиға орнында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, полиция келген кезде жігіт қазанға ет асып отырған. Полиция анықтағандай, жігіт анасын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. 1976 жылы туған марқұмның денесінің қалған бөлігі тоңазытқыштан табылған.

Қанды оқиғаға қатысты жігіт қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына түсті. Қазіргі таңда оған психолого-психиатриялық сараптама тағайындалды.