Ол рульге ие бола алмай, паркингтегі екі көлікке соғылған
Астанада ата-анасының қарауынсыз үйде қалған жеті жасар бала автокөлік кілтін алып, оталдырып, ауланың сыртына шықпақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бала көлікті шамамен 100 метр жүргізіп, рөлге ие бола алмай, паркингте тұрған екі көлікке соғылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұл туралы Kris_p_astana Telegram-арнасы хабарлап, оқиға орнынан бейнежазба жариялады.
Полиция баланың және оның ата-анасының жеке тұлғасын анықтады.
«Ата-аналарға міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік жүктелді. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне назар аударып, көлік кілттері мен өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді», – деп мәлімдеді Астана полициясы.