Қазақстанда коронавирустан тағы 5 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ел бойынша індеттен барлығы 105 адам қайтыс болды

Коронавирус індетінен тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Олар:

Нұр-Сұлтан қаласында - 1988 жылы туған ер адам;

Қарағанды облысында - 1956 жылы туған ер адам;

Алматы қаласында - 1962 және 1965 жылы туған ер азаматтар;

Ақмола облысында - 1980 жылы туған ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.