Арнайы операция барысында 1156 түп есірткі өсімдігі тәркіленді
Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталып, жойылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Арнайы операция ҚР ІІМ және облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті.
Рейд кезінде полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңынан ірі есірткі алқабын тапты.
Жалпы 1156 түп есірткі өсімдігі тәркіленді. Салмағы шамамен 58 келіге жуық. Оқиға орнынан қосымша 1 келі 610 грамм кептірілген марихуана алынды.
Оқиға орнында облыс тұрғындары – 42 және 33 жастағы екі азамат ұсталып, қамауға алынды. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жедел іс-шара басталғалы бері: