Алматыда 16 жастағы бозбала қоқыс шығарамын деп жоғалып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оны туыстары мен полиция үш аптадан бері іздестіріп жатыр

Фото: istockphoto.com

Алматыда қоқыс шығарамын деп ұшты-күйлі жоғалып кеткен 16 жастағы Айдос Ақымбаев іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оны туғандары мен полиция 21 күннен бері іздеуде. 28 шілде күні таңғы сағат 10:53-те ол Әуезов ауданы, Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен шыққан.

Жоғалған күні оның киімінде ақ футболка, қара шорты және қою көк түсті крокс-сланец болған.

Сол күннен бері жасөспірімді ешкім көрген жоқ. Полиция жас жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлады.