«Мені ұрмаңдар»: Қарағандыда жол үстінде жатқан әйел жұрттың назарын аударды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді

Фото: Видеодан скрин/t.me/patriot_patriot

Қарағандының Ермеков көшесінде жол үстінде әйел адам тепкілегенін айтып, айқайлап көмек сұрағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушілері әйелді көлік қағып кеткен шығар деп полиция мен дәрігерлерді шақырған. Алайда әйел дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап бермеген. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

«Жерде жатқан әйелге жақындаған кезде оның «Менi ұрмаңдар, маған ауырады!» деп айқайлағанын естідік. Полиция мен дәрігерлер оған «Жоқ, ешкім сізді ұрмайды» деп жауап берді, – деп хабарлады дереккөз.

Қарағанды облыстық полиция департаменті өз мәлімдемесінде жол-көлік оқиғасы болмағанын растады.

«Алкогольдік масаң күйде болған әйел жолдың жүру бөлігіне құлап түскен. Ол оқиға орнынан медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Тексеру нәтижесінде оның денсаулығына қауіп жоқ деп анықталды, кейін азаматша үйіне жіберілді», – деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.