Кейбір көліктерге заңсыз түрде жарқылдақ маяктарға еліктейтін стробоскоптар орнатылған
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында үйлену той кортежіндегі автокөліктердің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кейбір көліктерге заңсыз түрде жарқылдақ маяктарға еліктейтін стробоскоптар орнатылған. Бұл жүргізушілердің жолдағы басқа қатысушыларға қауіп төндіруіне себеп болған.
Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында барлық автокөліктерді анықтап, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Заң талаптарын орындамау жүргізушілердің өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.