Кездесу екі сеттен тұрды: Рыбакина қарсыласынан 5:7, 3:6 есебімен ұтылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Цинциннати қаласында өткен беделді WTA 1000 турнирінде жартылай финалда ұтылып қалды. Ол шешуші матчта Польшаның бірінші нөмірлі теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Ига Швентекке есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу екі сеттен тұрды: Рыбакина қарсыласынан 5:7, 3:6 есебімен ұтылды. Айта кетсек, бұл маусымда Швёнтек қазақстандық теннисшіні үшінші мәрте жеңіп отыр.
Жартылай финалға дейін Рыбакина сенімді ойын көрсетіп, бірнеше мықты қарсыласын жарыстан шығарды. Ол мексикалық Рената Сарасуаны, бельгиялық Элизе Мертенсті, америкалық Мэдисон Кизді және әлемнің бірінші ракеткасы, өткен жылғы чемпион Арина Соболенконы тізе бүктірді.
Жартылай финалға шыққаны үшін қазақстандық спортшы 206 мың доллар жүлде қорынан үлес алып, әлемдік рейтингке қосымша 390 ұпай жазды. Бұл жетістік оның рейтингтегі позициясын нығайта түспек.