Қарағандыда 15 адам жалындаған оттың ортасында қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың арасында 8 бала бар

Фото: istockphoto.com

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданында Шығыс ықшам ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Қосымша екі адам арнайы құтқару қалпағының көмегімен құтқарылды.

Өрт сөндірушілердің күшімен жалын шағын аумақта толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Пәтер иесі ТЖМ қызметкерлеріне кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс айтты. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.