Облыс орталығының тұрғындары наразылық білдірді
Ақтау тұрғындары жуырда ғана қолданысқа берілген жаңбыр суына арналған кәріз жүйесінің жөндеу сапасына наразылық білдірді. Облыс орталығында нысандарды ауыстырғанына көп бола қоймаған, алайда құрылымдар кезекті жаңбырға төтеп бере алмады, дейді жүргізушілер. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Жауыннан кейін көліктер капотына дейін суға батып, «Мәңгілік алау» маңында тұрып қалды. Жүргізушілердің айтуынша, жаңбыр суына арналған ағызу жүйесі мүлде жұмыс істемеген.
«Жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйесін қала бойынша жақында ғана ауыстырған, 200 миллион теңгеден астам қаржы қайда кетті? Егер жауын сәл көбірек жауғанда, қаланы түгел су басар еді», – дейді жүргізушілер.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мәлім етілгендей, жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйелерін жөндеуге жауапты мердігер ұйым белгіленген, қазір қаладағы әртүрлі аумақта жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта ол 33-шағынауданда жұмыс жүргізуде.
«Мәңгілік алау» маңындағы жағдайға қатысты мамандар мынадай түсініктеме берді: ол жерде жаңбыр кәрізі жұмыс істеп тұр және әзірге ауыстырылмаған. Мәселе жауын-шашынның шамадан тыс көптігінен туындаған – жүйе барлық суды бірден қабылдап үлгермеген.
«Біздің мамандар түнде оқиға орнына барып, кәріз жүйесінің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді», – деп атап өтті әкімдік.
Еске сала кетейік, жаңбыр суын ағызатын кәріз жүйелерін жаңартуға 267 миллион теңге бөлінген.