Көліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретіндердің үлесі – 7,1 пайыз
Шілдеде 169,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 млн 629 мың бірлікті құрады, оның ішінде 86,7% – жеңіл автомобиль, 9,5% – жүк көлігі, 1,8% – автобус, 2% – мотокөлік.
«Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктердің 82,1%-ы бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 7,1%, дизель отынымен жүретін көліктердің үлесі – 7%, көліктердің жалпы санынан газ баллонды көліктердің үлесі 0,3% құрады, тағы 20 775 бірлік көлік электр қуатымен жүреді және жалпы автокөліктердің 0,3% құрайды», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар тіркелген көлік құралдарының жалпы санынан ең көп үлесті (37,5%) қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көліктер құрайды, қозғалтқышының көлемі 1500 текше см-ге дейінгілердің үлесі – 19,9%, қозғалтқышының көлемі 2000-ден 2500 текше см-ге дейін – 15,5%, қозғалтқышының көлемі 2500-ден 4000 текше см-ге дейінгі көлік үлесі – 13,7%, 4000 текше см-ден жоғарысы – 9,4%.
Қозғалтқышының көлемі 1500-ден 2000 текше см-ге дейінгі көлік құралдарының ең көп саны Алматы облысында – 259,3 мың бірлік, Алматы - 248,9 мың бірлік және Астана қалаларында – 196,5 мың бірлік.