Футболдан бозбалалар арасындағы төбелес болды: олар өмір бойына спорттан шеттетілуі мүмкін (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

Түркістанда футбол орталықтары мен академия командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының матчы жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төбелес «Тұран» және «Екібастұз» командаларының 14 жастағы ойыншылары арасында болды.

Қазақстан футбол федерациясы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады:

«Мұндай әрекеттер спорттың құндылықтарына қайшы. Төрешілер хаттамалары мен бейнежазбалар қазірдің өзінде ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне тапсырылды. Барлық қатысушы жазаланады, тіпті өмір бойына дисквалификациялануы мүмкін», – делінген.