Жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Үкімет жедел штаб отырысын өткізді
Қазақстанда тамыздың үшінші онкүндігінде жаппай егін жинау науқаны басталмақ. Осыған орай премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінде жаңа өнім жинау жұмысы 12 облыста және Шымкент қаласында жүріп жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша:
Сонымен қатар, 17,4 мың тонна майлы дақыл, 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша өнімі жиналды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері топыраққа 1,7 млн тонна тыңайтқыш қосты. Бұл – жылдық жоспардың 88%-ы. Қалған көлем күзгі жырту кезінде енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов техниканың дайындық деңгейі 93% екенін хабарлады. Жаппай жинау кезеңінде бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Астық жинауға мынадай техникалар жұмылдырылады
Егін жинау жұмысына 402 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Оның 42%-ы (9,3 мың тонна) жеткізілді. Бағасы нарықтан 18-20%-ға арзан.
Қазіргі таңда элеваторлардың жүктемесі – 16%. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» тамыз соңына дейін кемінде 500 мың тонна астық өткізуді жоспарлауда. Қазірдің өзінде 328 мың тонна сатылды.
Таиланд, Парсы шығанағы елдері, Ауғанстан, Әзербайжан және Алжир елдеріне астық экспорттау туралы келіссөздер жүргізілуде.
Көктемгі дала және жиын-терім жұмысына 5%-дық жеңілдетілген несие қарастырылған.
Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең қауіпсіз өтуде. Жамбыл облысында суару жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Вице-премьер өңірлердің жағдайын тыңдап, егін жинау кезінде туындайтын мәселелер апта сайын шешілетінін айтты.