Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін: ҰҚК ескерту жасады

Автор: Асыл Арман

Бірқатар өткізу пунктінде жөндеу жүргізіледі

Фото: depositphotos.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысының «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл жар» автокөлік өткізу пунктерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл жағдай Ресейдің «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» өткізу пунктерінде жөндеу жұмысының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты.

«Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзетуді сұраймыз.

Басқа пунктер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген», – делінген ҰҚК хабарламасында.