Ақтөбе облысында шетелдік такси жүргізушісі 250-ден аса жол ережесін бұзған

Автор: Асыл Арман

Ол бір күннің өзінде Ақтөбе қаласында жылдамдықты 12 рет асырған

Фото: freepik.com

Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері соңғы 11 айда 250-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған шетелдік такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, бір күннің өзінде ол Ақтөбе қаласында жылдамдықты 12 рет асырған.

«Бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірді. Шетелдік жүргізуші тұрақты түрде Ақтөбе – Орск бағыты бойынша жолаушы тасымалдаған. Оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция ескертеді: әрбір құқықбұзушылық анықталып, кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.