Жетісу облысында «Ескелді Су Құбыры» кәсіпорны 50-ге жуық қызметкеріне жалақы төлемеген

Автор: Асыл Арман

Облыстық прокуратура жағдайға қатысты хабарлама таратты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысы Ескелді ауданында жергілікті кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы алу жөнінде құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ескелді Су Құбыры» кәсіпорнының 48 жұмысшыларына 5,6 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бар екені анықталды.

Прокурордың араласуынан кейін берешек толық өтеліп, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау органы жұмыс берушілерге азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді.