Жеңіс Қасымбек LRT-ның жолақысы қанша тұратынын айтты

Автор: Асыл Арман

LRT-ны тестілік іске қосу мерзімі қашан жүргізілетіні белгілі болды

Фото: City Transportation Systems

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесу барысында LRT жобасындағы жолақы мөлшері мен жеңіл рельсті көліктің тестілік іске қосылуы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімнің айтуынша, LRT-да жол жүрудің алдын ала бағасы бір реттік сапарға 200 теңге болады. Дегенмен, нақты тариф кейін белгілі болады.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек LRT-ны тестілік іске қосу мерзімі жөніндегі журналистер сұрағына да жауап берді.

«Біз қыркүйек айында алғашқы құрамдарды тестілік режимде жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сынақ қорытындысы бойынша оның қашан толық пайдалануға берілетіні белгілі болады. Әдетте, тестілік режим үш айдан алты айға дейін жалғасады», — деді қала басшысы.