«Жазасын алады»: Балқаштағы демалыс орны қызметкерлерінің үстінен қылмысты іс қозғалды

Автор: Аягөз Құрмаш

Олардан жауап алынған

Фото: gov.kz

Балқаштағы демалыс орнында болған жағдайға қатысты Қаорағандыы облыстық полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетілуіне байланысты полицияға жүгінген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Құқық бұзушылықтың жасалуына себеп болған жағдайлар мен мән-жайларды толық анықтау, сондай-ақ кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тарту мақсатында қажетті барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.Кінәлілер лайықты жазасын алады», - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы полиция департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң түрде шара қолданатынын ескерттті.

Осыған дейін Балқаш қаласына жақын орналасқан Шұбартүбек ауылындағы «Көктем» демалыс аймағындағы демалыстың соңы трагедиямен аяқтала жаздағанын жаздық. Блогер Аружан Мағзұм өзінің әлеуметтік желісінде оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.