Актриса төрт баласымен бірге болашақ сәбидің жынысын анықтауға шешім қабылдады
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова гендер пати өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса ютубтегі каналында видео жариялап, төрт баласымен бірге болашақ сәбидің жынысын анықтауға шешім қабылдағанын айтты.
«Бүгін бізде шағын гендер-пати. Сәлем ботақан! Ұл бол, қыз бол, дүниеге денің сау болып келуіңді тілейміз. Ең бастысы аман-есен жарық дүниеге келе ғой. Сені өте қатты күтеміз және жақсы көреміз», - дейді Жұлдыз видеода.
Осыдан кейін отбасы моти тәттісінің ішіне жасырылған түсті білуге кіріседі. Алайда қандай түс шыққанын өздері білгенімен, жұртқа жариялаған жоқ.
Желі қолданушылары «қыз болады» деп болжаған Қайрат Нұртастың екінші қызы Алаудың қатты қуанғанына қарап, қызыл түс шықты деп болжап жатыр.
Айта кету керек, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова – шоу-бизнестегі көп талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған еді. Сонымен қатар ол концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеп көзге түскен болатын. Ал одан бұрын жұбайын туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын айтты.
Сондай-ақ әншінің әйелі де халықтың сынына жиі ұшырайды. Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға қалған еді. Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған болатын. Одан бұрын актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды.