Танымал кәсіпкер мәлімдеме жасады
Америкалық кәсіпкер Илон Маск әлеуметтік желіде 13 тамыздан бастап Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті ресми түрде іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Компания да бұл ақпаратты растады – Қазақстан аумағы көгілдір түспен белгіленген карта мен жұмыс басталғаны туралы мәлімдеме жариялады. Бұл жазбаны Илон Маск та бөлісті:
«Starlink енді Қазақстанда қолжетімді», – деп жазды.
Айта кетейік, 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде көрсете бастады.