Оқиға түнгі уақытта болды
Алматы қаласында Алатау ауданының Райымбек батыр көшесінен төмен, жеке үйлерге қарама-қарсы, «Гүлдала» тұрғын үй кешені маңында ит адамға шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның барысы видеоға түсіп қалды. Онда бірнеше адам мен иттер көрінеді, олардың бірі арқанмен байланған. Бір сәтте иттердің бірі бір адамға шабуыл жасап, арты айқай-шуға ұласады.
Келеңсіз жағдайдың ары қарай қалай өрбігені, ит шабуыл жасаған адамның жағдайы әзірге белгісіз.