Оқиға 10 тамыз күні кешкі уақытта болды
Ақтау қаласында 10 тамыз күні сағат шамамен 21:10-да жаяу жүргіншілер өткелінде Hyundai Elantra жүргізушісі әйел адамды екі баласымен бірге қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lada.kz мәліметінше, анасы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді, ал екі бала жарақат алып, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Медициналық мекеме мәліметінше:
Дәрігерлер стандарттарға сай ем-дом жүргізіп жатыр.
Жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша (Денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы) хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.