Дауыл, бұршақ, аптап ыстық: Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 12 тамызда Қазақстанның елордасы мен 16 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Аптап ыстық болады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Ақмола облысында батыста, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с. Көкшетауда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, оңтүстікте екпіні 25 м/с. Петропавлда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде шығыста қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды.

Павлодар облысында күндіз оңтүстікте, батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Түнде және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, оңтүстікте, батыста, солтүстікте кей жерлерде 23-28 м/с. Павлодарда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Қарағанды облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, күндіз солтүстік пен шығыста найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні түнде және күндіз 15-20, кей уақытта 23 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с.

Ұлытау облысында түнде солтүстікте, шығыста және орталықта найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей жерлерде 23-28 м/с. Оңтүстікте аса жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей жерлерде 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Абай облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кейде 23 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында күндіз солтүстікте және батыста найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-18 м/с. Батыста және шығыста жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында түнде батыста және солтүстікте найзағай ойнайды, батыста және солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында күндіз батыста, шығыста және орталықта найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Оңтүстік-батыста және орталықта жоғары, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды.

Атырау облысында жаңбыр жауып, солтүстік-батыста дауыл соғады. Түнде және күндіз найзағай ойнайды. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с. Оңтүстікте және шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік пен батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз солтүстікте, шығыста кейде 23-28 м/с. Талдықорғанда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. 12-13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады . Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік және батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыста 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында түнде және таңертең орталықта және шығыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с жел соғады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.