Әзілкештің екінші әйел алып, бөлек отбасылы болғаны туралы ел аузында қауесет тараған болатын
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке концертінде отбасына қатысты тараған сыбысты меңзей отырып, шындықты кейін айтып беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма? Бірдеңе білу үшін бе? Бірдеңе білгілеріңіз келіп отырған секілді. Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе айтайын деп тұрған секілді көрініп тұр. Баяғыда «тыныш, балалар отыр» деп айтатын еді ғой. Залда қыздарым отыр. Сосын асықпай айтып беремін», - деді Қабатов.
Айта кетейік, осыған дейін әзілкештің екінші әйел алып, бөлек отбасылы болғаны туралы ел аузында алып-қашпа сөз тараған болатын. Осыдан бірнеше жыл Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқанова күйеуінің тоқал алуына қарсы екенін айтқан болатын.
«Кез келген әйел сияқты, мен де тоқал алуға қарсымын. Иә, әрине. Ондай шешімі болса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін», - деді Мөлдір Мұқанова.