Қарағанды облысының тұрғыны бақшасына жүздеген түп есірткі өсірген

Автор: Асыл Арман

Ол 217 түп қарасора өсірген

Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысы тұрғынының үйін тінту барысында бақшасынан 217 түп қарасора есірткісі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қарағанды облысының Абай ауданында полицейлер 58 жастағы тұрғынның үйіндегі қарасора фермасын жойды. Ол 217 түп қарасора өсірген.

«Тінту кезінде есірткіге ұқсас 10 грамм зат табылды. Сараптама оның есірткі екенін растады.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.