Бұршақ, дауыл, жаңбыр: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше тәулікке арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға найзағаймен жаңбыр әкеледі, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі, кей өңірлерде бұршақ, дауыл болады.

«Республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда солтүстікте, шығыста – тұман күтіледі.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасының аздаған төмендеуі күтіледі: батыста түнде 13-18 жылы, күндіз 23-31 жылы, солтүстік-батыста түнде 8-20 жылы, күндіз 18-28 жылы, солтүстікте түнде 10-17 жылы, күндіз 18-23 жылы, оңтүстікте түнде 13-23 жылы, күндіз 27-37 жылы. Қалған өңірлерде температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.