Қазақстандық ұстаздар Сингапурде біліктілігін арттырады

Автор: Azattyq Rýhy

«Арыстан шаһары» Қазақстанға 115 грант бөлді

Асхат Аймағамбетов елшілік өкілдерін кездесіп жаңа бағдарламаларды әзірлеуге және перспективалы шарттарға қол қоюға белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын шетелдік жоо-ларда 610-нан астам студент грант бойынша білім алады. Биыл олардың саны - 300-ге жуық. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарында квота саны да артты, бүгінде 345-ке жуық шетелдік азамат Қазақстанда білім алуына болады. Жақын болашақта біз жақын және алыс шет елдермен ынтымақтастықта болу үшін білім беру саласындағы ауқымы кең мәселелер бойынша 20 келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр Рүстем Биғари.

Сингапурдағы Қазақстан елшілігінің өкілі Виталий Александров өткен жылы Сингапурдың кәсіби және техникалық білім беру саласындағы ірі оқу орындарының бірімен серіктестік қарым-қатынас орнатылғанын атап өтті.

«Сингапурлық тараппен арада қазақстандық колледждердің педагогтеріне біліктілігін арттыруға 115 грант бөлу туралы келісімге келісім орнады»,- делінген хабарламада.

Жиынға Испания, Германиядағы, Италия, Чех Республикасы, Польша, Нидерланды, Франция, Венгрия, Ұлыбритания, Финляндия, Түркия, ҚХР, Корея, Жапония, Катар, Малайзия, Сингапур, БАӘ, Австралия, Ресей Федерациясы, Украина, Өзбекстан, Қырғызстандағы және басқа да елдердегі елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысты.