Террорлық ұйымға қатысы бар қазақстандық Таяу Шығыс аймағында ұсталды

Автор: Асыл Арман

Оны ҰҚК қызметкерлері Астанаға жеткізді

Фото: istockphoto.com

Халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті қазақстандық 10 тамыз күні ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

«Сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.