Ашық микрофон форматында өткен іс-шара барысында кәсіби және әуесқой домбырашылар күй шертті
10 тамыз – Абай күні – Нұржол бульварында елорда ұлттық мереке рухына бөленді: қаланың мыңнан астам тұрғыны мен қонақтары ауқымды Домбыра Party-ға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Хакімнің 180 жылдығы еліміздің барлық өңірінде атап өтілді. Республикалық жоспарға сәйкес, 100-ден астам ірі мәдени және халықаралық іс-шаралар өткізілді: өнертану форумдары, поэтикалық байқаулар, фестивальдер, спектакльдер, театрлық қойылымдар, тіпті Абай мұрасы бойынша челлендждер ұйымдастырылды», - деп жазылған хабарламада.
Абай Құнанбайұлы қазақ тұтастығының символына айналды. Ол ұлттық поэзияны терең философиялық мағынамен үйлестіре отырып, ана тілімізді жаңа әдеби деңгейге көтерді. Оның «Қара сөздері» мен «Толық адам» тұжырымдамасы – білім алуға, адамгершілік тұрғысында өсуге, ұлт үшін еңбек етуге шақыратын философиялық ойлары – осы күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі «Әділетті Қазақстан», «Еңбек адамы» идеяларының және «Адал азамат» тұжырымдамасының негізінде осылар жатыр.