Қазақстанда дүйсенбіде аптап ыстық болады – Қазгидромет

Автор: Дәулет Ботагөз

Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады

Фото: © istockphoto.com

11 тамыз күні еліміздің оңтүстігінде +40 °C-қа дейін, ал Алматы облысының кей жерлерінде +41 °C дейін ыстық күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ел аумағында ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» болжамынша, 11 тамыз 2025 жылы Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Бұған ел аумағына антициклонның сілемі әсер етеді.

Тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты:

  • өткінші жаңбыр жауады;
  • күн күркірейді;
  • кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді.

Қауіпті метеожағдайлар

Синоптиктердің дерегінше:

  • түнде және таңертең – солтүстік пен орталықта тұман түседі;
  • күндіз – оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі;
  • Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында +40 °C аптап ыстық болады;
  • Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+37 °C;
  • Ұлытау облысында – +35…+36 °C;
  • Алматы облысының батыс, солтүстік және орталық бөлігінде +41 °C өте қатты ыстық күтіледі.

«Азаматтардан ауа райы жағдайын ескеріп, ыстықтан қорғану шараларын қабылдауды сұраймыз», – деп ескертті «Қазгидромет».