11 тамыздан бастап онда жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Астанада Жұмабаев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 11 тамыздан 20 тамызға дейін уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жабылатын жол бөлігі:
Қозғалыс қалай ұйымдастырылады:
Жол қозғалысына өзгерістер енгізілгендіктен, маршрутты алдын ала жоспарлау және жөндеу жұмыстары жүретін аймақтан абайлап өту сұралады.
«Жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында барлық қажетті белгілер қойылады», – деп түсіндірді басқарма өкілдері.
Астанада соңғы айларда бірнеше негізгі көше мен даңғылда жөндеу және қайта төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл — жол сапасын жақсартып, көлік қозғалысын жеңілдету мақсатындағы кешенді жоспардың бір бөлігі.