Жүлделі орындарды Қазақстанан бөлек Үндістан мен АҚШ командалары алды
АҚШ-та өткен FIDE 2025 жылғы мектептер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы күміс медаль иеленді. Ұлттық Физика-математика мектебі 8 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап, Үндістан мен АҚШ командалары арасында жүлделі орынға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
3–6 тамыз аралығында Вашингтон маңындағы Александрия қаласында өткен жарысқа 48 елден 55 команда қатысты. Барлығы 286 оқушы шахмат тақтасында бақ сынады.
Қазақстанның тағы бір өкілі – Astana 2 RSPM командасы төртінші орыннан көрінді.
Бұл жетістік – Қазақстандағы мектеп шахматының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді. Ұлттық ФММ оқушылары әлемнің мықты құрамаларын артта қалдырып, тек чемпион атанған Үндістан құрамасына ғана жол берді.
«Сайыстағы жетістіктеріміз – еліміздегі шахмат мектептерінің жүйелі жұмысының нәтижесі. Бұл жеңіс жас буынды жаңа белестерге шабыттандырады», – дейді қазақстандық жаттықтырушылар.
Чемпионатпен қатар 4–5 тамызда Smart Moves Summit халықаралық конференциясы өтті. Онда 50-ден астам сарапшы шахматтың білім берудегі рөлі туралы баяндама жасады.
Қатысушылар:
Ойыншылар жарыстан кейін АҚШ-тың әйгілі Ұлттық жаратылыстану мұражайы мен Аэроғарыш мұражайына барды.
FIDE президенті Аркадий Дворкович жеңімпаздарды марапаттады.
«Жетістіктеріңіз лайықты. Бұл медальдар сіздерге тек мақтаныш емес, өмірде үлкен мақсаттарға жетуге шабыт берсін», – деді ол.