Ол Жидебайдағы ұлы ақын мен Шәкәрім кесенесіне барып, арнайы тағзым етті
1 тамыздан бастап Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Абай облысы орталығы — Семей қаласында өтуде. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан мерейтой аясында Жидебайдағы ұлы ақын мен Шәкәрім кесенесіне барып, арнайы тағзым етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, мерейтой тек еске алу емес, қазақ қоғамының ойлануына, ұлттың ұстанымдарын айқындауына мүмкіндік беретін маңызды шара.
«Ұлы Абай – қай кезеңде де темірқазық. Қазақтың қара баласы дүниеге келіп, адамзаттың ой көшіне ұлтымыздың байлығын апарған тұлғаға біз үнемі оралып отыруға тиіспіз», – деді Жанарбек Әшімжан.
Ол сондай-ақ ел Президентінің жыл басында Абайдың 180 жылдығын атап өтуді, оның рухани мұрасын ұлт үшін бағдаршамға айналдыру керектігін айтқанын еске салды.
Мәжіліс депутатының пікірінше, мерейтой аясында:
Жанарбек Әшімжан ұлы ойшылдың алтыншы қара сөзіндегі бірлік туралы көзқарасын ерекше атап өтті.
«Абай бірлік – малда емес, ақылда болады деген. Ақылға бірігу — ұлттық мүдде мен елдік жолға бастайды», – деді ол.
«Қазақстанның әр өңірінен қазақ баласы Абайдың басына келіп, тағзым етуі керек. Қай кезеңде де Абай дәуірімен бірге жасайық, Абай ұстанымы – біздің ұстанымымыз болсын», – деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.