Қайғылы жол апаты 8 тамыз күні Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті тасжолында болды
Қарағанды маңындағы автожолда жол апатынан анасы мен сәбиі қаза тапты, ал әкесі мен екі бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы жол апаты 8 тамыз күні Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті тасжолында болды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен сағат 14:30-да аталған автожолдың 929-шақырымында, Қарағанды бағытына бұрылыста Audi және BMW маркалы екі жеңіл көлік соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінде болған 28 жастағы әйел мен оның үш айлық қызы оқиға орнында қаза тапты.
Сол көлікте болған 31 жастағы жүргізуші мен сегіз және төрт жастағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бойынша тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Өңірлік полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырады.
«Жылдамдық режимін, қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар, әсіресе қала сыртындағы тасжолда. Сіздің рөлдегі әрекетіңіз тек өз өміріңізге ғана емес, жолаушылар мен жолдағы өзге азаматтардың қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД.