«Күйзелісте жүр»: Қайрат Нұртас Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен кездесті (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Олардың кездесу сәті түсірлген видео әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Әнші Қайрат Нұртас әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың кездесу сәті түсірлген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Видеоға назар аударсақ, мерекелік іс-шаралардың бірінде кездескенін байқауға болады.

«Ассалаумағалейкүм, ағайын. Інімді, жеңешемді көрдім. Күйзелісте жүр. Жақсылық болсын!» – дейді Қайрат Нұртас.

Әншінің бұл сөзін әзіл ретінде қабылдап, Мөлдір Мұқан қысқа жауап қайтарады:

«Арамызда қалсын», – дейді ол.

Айта кетейік, жуырда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған болатын.