Абай облысында 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді
Аягөз ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алудағы заңбұзушылықты анықтап, 1,4 млрд теңгеден астам қаражаттың тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 30 мамырда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) бөлімі «МИТ Теплосервис» ЖШС-мен «Орталық» қазандығын күрделі жөндеуден өткізу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға шарт жасаған.
Бұл мемлекеттік сатып алу төтенше жағдайдың салдарын алдын алу деген негізбен бір көзден алу тәсілімен рәсімделген.
Алайда 2025 жылы Аягөз ауданында ешқандай төтенше жағдай жарияланбаған, сондықтан мұндай тәсілді қолдануға заңды негіз болмаған.
Тексеру барысында 2023 жылдың 10 қарашасында дәл осы бөлім жаңа қазандық орнату үшін 110 млн теңгеге шарт жасағаны белгілі болды. Ол шарт үш жылдық кепілдік мерзімімен рәсімделген, яғни алдыңғы жоба қайталануы мүмкін.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде: