Бұл ел Ресейге 66 мың тонна, Қырғызстанға 19 мың тонна қарбыз жөнелткен
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстан қарбыз экспортын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,7 пайызға көбейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті БАҚ елдің Ұлттық статистика комитетінің алдын ала деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, аталған кезеңде Өзбекстан шетелге 130,6 мың тонна қарбыз экспорттап, одан 29,9 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 52,7 мың тоннаға артық.
Қарбыздың ең көп экспортталған бағыттары: