Қаза тапқандар жоқ, бірақ пойыздар кешікті
Түркістан облысында 8 тамыз күні таңғы сағат 04:30 шамасында тепловоз жүк көлігін соғып өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, оқыс оқиға Қызылсай мен Шымкент арасындағы күзетілетін теміржол өткелінде болған. HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жол жүру ережелерін елемей, тепловоздың алдына шығып кеткен.
Соққы салдарынан жүк көлігі қатты зақымданып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандар жоқ.
Апатқа байланысты үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша кешіктірілді.