Ақорда ресми хабарлама таратты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таиландтағы елшісін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Ол 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында өмірге келген.
II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.