Дженнифер Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өткен
Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертіне билеттерді тарату бүгіннен басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy билет сату қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар билеттердің кезең-кезеңімен жіберілетінін еске салды. Сатып алушыларға хабарламаларды бақылап отыру ұсынылады.
«Бүгін, 6 тамыз – билет сатылымы басталған сәтте хабарланғандай – Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттерді тарату басталды. Жіберу бірнеше кезең бойынша жүзеге асады, сондықтан хабарламаларды бақылап отырыңыздар», – делінген хабарламада.
Осыған дейін концертке тапсырыс берген көрермендерге тек төлем жасалғанын растайтын ваучерлер берілген болатын. Ал толыққанды QR-коды бар билеттер іс-шараға жақын күндері жіберіледі деп хабарланған.
Еске салайық, Дженнифер Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті 1 тамызда «Астана Арена» стадионында өткен болатын.