$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда зейнеткерлерді тонап жүрген екі әйел ұсталды

Оқиғалардың бірінде 4 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қолды еткен

Алматы қаласының Әуезов ауданында зейнеткерлерді алдап, үйлерінен ірі көлемде ақша ұрлаған екі әйел ұсталды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Қылмыскерлер үйге түрлі сылтаумен кірген

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер зейнет жасындағы азаматтардың сеніміне кіріп, пәтерлеріне әртүрлі сылтаумен енген.

Бір жағдайда олар өздерін кітап таратушылар ретінде таныстырып, үй иесін су алып келуге жұмсаған. Осы сәтті пайдаланып, үй ішінен бағалы заттар мен ақшаны жымқырған.

4 миллион теңге ұрланған

Осындай жағдайлардың бірінде 4 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қолды еткен.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа да істерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Алматы полициясы ұсталған әйелдердің қала бойынша басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция мәліметінше, мұндай қылмыстар көбіне зейнеткерлердің аңғалдығын пайдаланып жасалады.

Полиция тұрғындарды сақ болуға шақырды

Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев:

«Зейнет жасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің профилактикалық жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Азаматтарға беймәлім адамдарды үйге кіргізбеуге кеңес береміз. Күмәнді жағдай орын алған жағдайда бірден полицияға хабарласыңыздар», – деп ескертті.

Серіктес жаңалықтары